Павлодарлық қыз желіде танысқан жігітке сеніп, 6 миллион теңгеге жуық несие алып берген
Жезқазғанда бойжеткен желі арқылы танысқан жігітке алданып, 5 миллион теңгеден астам несие алып берген. Ол сүйіктісінің ішінде 70 миллион теңге бар брокерлік шоты блокталғанына сеніп, ашуға көмектесемін деп ойлаған.
Деректерге сай, қыз жігітпен Telegram арқылы танысқан. Араларындағы қарым-қатынас 2025 жылдың наурызында басталған. 28 жастағы жігіт қызға "Webmoney" платформасында 70 миллион теңгесі бар блокталған брокерлік шоты бар екенін айтқан. Кейін оны ала алмай, қиын жағдайда жүргенін айтып, қыздың жанашырлығын оятқан.
“Сот материалы бойынша, жігіт қызға жалпы 15 миллион теңге сыйақы беруге уәде етіп, ақша аударуын өтінген. Бірақ шот шын мәнінде жоқ болып шыққан. Қыз сеніп, біртіндеп ақша жіберген. Тіпті несие алған. 3 сәуірден 12 маусымға дейін ол жігітке жалпы 5 665 280 теңге жіберген. Тергеу кезінде анықталғандай, жігіт ақшаны өз ойындарына жұмсаған. Ал қыз қазір ай сайын 320 мың теңге несие төлеп отыр”, – делінген хабарламада.
Сот Жезқазған тұрғынына 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Жазаны жеңілдетуді ескеріп, нақты мерзімі 2 жыл 2 айға қысқартылған. Бұған дейін жігіт шамамен 800 мың теңгені қайтарып үлгерген. Қалған соманы да төлеуге міндеттелді.