сейсенбі, 10 наурыз, 2026 21:44

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Паралимпиада – 2026: Ербол Хамитов қола жүлдегер атанды

Паралимпиада – 2026: Ербол Хамитов қола жүлдегер атанды
Қысқы Паралимпиада ойындары Италияда өтіп жатыр.

Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының ту ұстаушысы Ербол Хамитов қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Қазақстандық спортшы 1500 метр қашықтықтағы отырып жарысатын ерлер арасындағы спринтте үшінші орынға ие болды. Финалда Ербол Хамитов 2:29,9 нәтиже көрсетіп, Қытай мен Бразилия спортшыларына жол берді.

Жарыс қорытындысы бойынша:

Лю Зисю (Қытай) – 2:28,9

Кристиан Вестемайер Рибера (Бразилия) – 2:29,6

Ербол Хамитов (Қазақстан) – 2:29,9

Бұл – Қазақстан құрамасының аталған Паралимпиададағы алғашқы медалі.

Айта кетейік, 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындары Италияда өтіп жатыр. Дүбірлі додаға әлемнің 56 елінен 600-ден астам спортшы қатысуда.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар