Үш облыста көлік қозғалысы шектелді
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Ауа-райының бұзылуына байланысты үш облыста көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
2026 жылғы 10 наурыз сағат 09:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді:
Ақмола облысы
- «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 30-92 шақырым аралығы (Жібек жолы ақы алу пункті — Қарағанды облысының шекарасы);
- «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 16-200 шақырым аралығы (Астана қаласы — Павлодар облысының шекарасы).
Павлодар облысы
- «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 200-254 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — Шідерті кенті).
Қарағанды облысы
- «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 92-164 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — Теміртау ақы алу пункті);
- «Астана — Қабанбай батыр — Нұра — Теміртау» автожолының 51-164 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — Теміртау қаласы).
Жолды 2026 жылғы 10 наурыз сағат 12:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.