сейсенбі, 10 наурыз, 2026 15:33

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Михаил Шайдоров ISU Skating Awards халықаралық сыйлығына үміткерлер қатарына ілікті

Михаил Шайдоров ISU Skating Awards халықаралық сыйлығына үміткерлер қатарына ілікті
Сурет: Сали Сабиров, ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Ал жеңімпаздардың есімі 29 наурыз күні Прагада өтетін әлем чемпионатының банкетінде жарияланбақ.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Италияда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров ISU Skating Awards халықаралық сыйлығына үміткерлер қатарына енді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Sports.kz порталының мәліметінше, дауыс беру төрт номинация бойынша өтеді: «Үздік костюм», «Ойын-сауық бағдарламасы», «Үздік хореограф» және «Үздік жаттықтырушы».

Италияда өткен 2026 жылғы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров «Үздік костюм» номинациясы бойынша үміткерлер тізіміне енгізілді. Бұл номинацияға ол Олимпиададағы еркін бағдарламасында киген сахналық киімі үшін ұсынылып отыр.

Әзірге бұл – лонг-лист кезеңі. Жанкүйерлердің онлайн дауыс беруі 18 наурызға дейін жалғасады. Нәтижесінде әр санатта үш үміткерден ғана қалып, финалдық номинанттар анықталады. Ал жеңімпаздардың есімі 29 наурыз күні Прагада өтетін әлем чемпионатының банкетінде жарияланбақ.

Айта кетейік, аталған номинацияда Шайдоровпен бірге америкалық Илья Малинин, эстониялық Александр Селевко және жапониялық Каори Сакамото сынды спортшылар да үміткерлер қатарында бар.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар