Шорт-тректен әлем чемпионатына қатысатын спортшылар тізімі белгілі болды
- авторОймақ
- Бүгін, 11:07
- 23
Шорт-тректен Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Монреаль қаласында (Канада) өтетін әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.
Әлем біріншілігінде еліміздің намысын тоғыз спортшы қорғайды.
Атап айтқанда, әлем чемпионатында Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Әділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажғали, Айбек Насен, Яна Хан, Малика Ермек, Алина Әжіғалиева және Ольга Тихонова өнер көрсетеді.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 13-15 наурыз аралығында өтеді.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/277492-sort-trekten-2026-zylgy-alem-cempionatyna-qatysatyn-qazaqstandyqtar-belgili-boldy
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.




