Миллиардтаған шығын, жүздеген жәбірленуші: Семейде даулы іс қаралып жатыр
- авторОймақ
- Бүгін, 09:16
- 22
Іс материалдарына сәйкес, бұл оқиғада жүздеген адам жәбірленуші ретінде танылып, келтірілген шығын көлемі миллиардтаған теңгеге жеткен, деп хабарлайды Жетінші арнаға сілтеме жасап Oimaqnews.kz.
Қазір сотта істің барлық мән-жайы қаралуда.
Жәбірленушілердің айтуынша, олар белгілі бір жобаға ақша салып, табыс табамыз деп үміттенген. Алайда уақыт өте келе салынған қаржы қайтарылмай, көптеген адам шығынға батқан. Соның салдарынан бұл мәселе құқық қорғау органдарының қарауына өткен.
Сот барысында жәбірленушілер өздерінің қалай алданғанын айтып, шығындарын қайтаруды талап етуде.
«Біз бұл іске сендік, табыс болады деп ойладық. Көп адам жинаған ақшасын, тіпті несие алып салды. Бірақ соңында ақшамыздан айырылып қалдық», – дейді жәбірленушілердің бірі.
Тағы бір жәбірленуші бұл жағдай көптеген адамның өміріне ауыр соққы болғанын айтады.
«Жүздеген адам зардап шекті. Біреу үйін сатып салды, біреу несие алды. Енді бәрі ақшасын қалай қайтарамыз деп жүр», – дейді ол.
Қазір сот процесі жалғасып жатыр. Іс бойынша барлық эпизодтар мен қаржы қозғалысы тексеріліп, жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі нақтылануда.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





