жұма, 6 наурыз, 2026 20:18

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгерткен жоқ

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгерткен жоқ
Ұлттық банк
Базалық ставка бойынша келесі жоспарлы шешім 24 сәуірде жарияланатын болады.

Қазақстан Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық ставканы жылдық 18% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Пайыздық дәліз +/- 1 пайыздық тармақ деңгейінде белгіленді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Реттеушінің мәліметінше, бұл қадам макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамды раунды мен инфляция тәуекелдерінің балансына негізделген. Ақпан айында жылдық инфляция 11,7%-ға дейін төмендеп, Ұлттық банктің күткеніне сай болған. Азық-түлік (12,7%), азық-түлік емес тауарлар (11,6%) және ақылы қызметтердің (10,8%) бағасы да бәсеңдеу қарқынын көрсетті.

«Инфляцияның төмендеуіне ақша-кредит жағдайларының қалыпты қатаңдығы, теңге бағамының нығаюы, кепілсіз тұтынушылық несиелеудің баяулауы, сондай-ақ Үкімет пен Ұлттық банктің инфляцияға қарсы шаралары ықпал етуде. Соның ішінде коммуналдық қызметтер мен жанар-жағармай бағасын өсіруге қойылған мораторийдің үлесі зор», — деп атап өтті баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, реттеуші айлық инфляцияның ақпанда 1,1%-ға дейін жеделдегенін де назардан тыс қалдырмады. Ал ҚҚС (НДС) мөлшерлемесінің көтерілуі инфляцияға шектеулі деңгейде ғана әсер еткен.

Базалық ставка бойынша келесі жоспарлы шешім 24 сәуірде жарияланатын болады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар