Трамп Иранның жаңа басшысын таңдауға қатысуға ниеті бар екенін білдірді
- авторОймақ
- Бүгін, 07:56
- 158
АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранның жаңа рухани жетекшісін анықтау процесіне тікелей қатысуы тиіс екенін мәлімдеді. Axios басылымына берген сұхбатында ол Тегерандағы билік транзитіне қатысты өз ұстанымын ашық білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Трамп өткен сенбіде қаза тапқан аятолла Әли Хаменеидің орнына оның ұлы Моджтабаның келуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты сын айтты. АҚШ президентінің пайымынша, кіші Хаменеи бұл лауазымға лайық тұлға емес.
«Олар уақытты босқа кетіріп жатыр. Хаменеидің ұлы — «ауыр салмақты» саясаткер емес», — деді Дональд Трамп.
Сондай-ақ, Ақ үй басшысы Ирандағы билік ауысуын Венесуэла сценарийімен салыстырды. Ол Иранға «бейбітшілік пен үйлесім» әкелетін тұлғаның келуін қалайтынын жеткізді.
«Мен бұл таңдауға, Венесуэладағы Делсидің жағдайы сияқты, қатысуым керек. Хаменеидің ұлы мен үшін қолайсыз үміткер», — деп толықтырды ол.
Айта кетейік, Трамп мысал ретінде келтірген Делси Родригес биыл қаңтарда Венесуэланың уақытша президенті болған еді. Бұл АҚШ күштері елдің бұрынғы президенті Николас Мадуроны ұстағаннан кейін орын алған болатын.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





