бейсенбі, 5 наурыз, 2026 21:13

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жекеменшік мектептерге мемлекеттік қаражат бөлу тәртібі өзгереді – Жұлдыз Сүлейменова

Жекеменшік мектептерге мемлекеттік қаражат бөлу тәртібі өзгереді – Жұлдыз Сүлейменова
Оқу-ағарту министрлігі
Жекеменшік мектептермен байланыс Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы жүзеге асырылмақ.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жеке меншік мектептерге мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қатысты жаңа тәртіп енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Oimaqnews.kz жазды. 

Министрдің айтуынша, Оқу-ағарту министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бірлесіп әзірлеген бұйрыққа еліміздің барлық 20 өңірінің әкімдігі келісім берген. Қазіргі уақытта құжат жергілікті атқарушы органдарда тіркеліп жатыр.

Жаңа тәртіпке сәйкес, бөлінген қаржы алдымен жергілікті атқарушы органдардың қарауына түседі. Кейін әкімдіктер бұл қаражатты қаржы орталығына аударады. Ал қаржы орталығы жеке меншік мектептерге мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша операторлық қызмет атқарады.

Министрдің айтуынша, бұл бағыттағы ұйымдастырушылық жұмыстар толық аяқталып, негізгі мәселелер шешімін тапқан.

Сонымен қатар, алдағы уақытта жекеменшік мектептермен байланыс Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы жүзеге асырылмақ.

«Жекеменшік мектептердің бірқатар қауымдастықтары бізбен байланысқа шықты. Бүгін сондай ұйымдардың бірімен кездестім. Алдағы уақытта жеке меншік мектептермен коммуникацияны “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында жүргіземіз», – деді министр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар