Қарағандыда Данияр Елеусіновтің әйелі төбелес шығарды деген күдікке ілінді
- авторОймақ
- Бүгін, 09:41
- 146
Жәбірленушілердің бірі Әсел Жабықбаева жанжал көршілер арасындағы түсініспеушіліктен басталғанын айтады. Оның сөзінше, боксшының жұбайы негізсіз айып тағып, өзіне және анасына күш қолданған.
«Оның бізге қандай да бір негізсіз өкпесі болды. Мені екі рет ішімнен тепті, шашымнан сүйреді. Сол сәтте атасы жүгіріп кіріп, анамның басынан ұрды. Біз арыз жазып жатқанда, ол дәлізде тұрып, «Күйеуі – Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов» деп айтты», – дейді Әсел Жабықбаева.
Жәбірленушілер соққы іздерін тіркетіп, полицияға шағым түсіргендерін мәлімдеді. Олардың айтуынша, жанжалды алғаш болып спортшының жұбайы бастаған. Әйел көршілерін атасына қатысты орынсыз сөздер айтты деп ойлаған.
Тараптар көп жылдан бері Қарағандының шет ауданындағы бір үйде көрші болып тұрады. Жәбірленушілер қарт кісімен жанжалдаспағанын, тіпті аралас-құраластығы жоғын айтады. Қазір анасы мен қызы пәтерден шығуға қорқатынын жеткізді.
Боксшының жұбайы Саида Елеусінова да көршілеріне қарсы арыз жазған. Ол бұл жағдайды қарапайым тұрмыстық жанжал деп атап, атасын қорғағанын айтты.
«Бұл – кәдімгі тұрмыстық түсініспеушілік. Екеуміз де 1989 жылы туғанбыз. Меніңше, олар Даниярдың есімін пайдаланып, хайп жасағысы келеді. Мен төбелесуге ниеттенген жоқпын. Әңгіме барысында дауыс көтерілді. Атам 80 жаста, менің тәрбием үлкен кісіні балағаттауға жол бермейді», – деді Саида Елеусінова.
Қазіргі уақытта іс бойынша тиісті органдар тексеру жүргізіп жатыр. Оқиғаның нақты мән-жайын сот анықтайды
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






