Мәжіліс депутаты Дубайдағы қымбат мүлік мәселесіне құқықтық баға беруді талап етті
- авторОймақ
- Бүгін, 13:12
- 42
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Бас прокуратураға ресми сауал жолдап, Дубайдағы қымбат мүліктерге қатысты бұрынғы шенеуніктердің ісін құқықтық тұрғыдан бағалауды сұрайды. Бұл туралы депутат 4 наурыз күні Парламент кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Саировтың пікірінше, заң бойынша заң бұзылмаған күннің өзінде, экс-шенеуніктердің мұндай байлығы моральдық және адамдық тұрғыдан сын көтермейді.
Депутаттың бастамасына Fairmont The Palm тұрғын үй кешенінде болған өрт әсер еткен. 1 наурызда орын алған төтенше жағдайдан кейін әлеуметтік желілерде зардап шеккен пәтерлердің арасында қазақстандық ірі тұлғалардың баспаналары болуы мүмкін деген ақпарат тараған.
Зерттеу деректері бойынша, аталмыш кешенде қазақстандықтарға тиесілі 97 пәтер бар. Олардың қатарында Сенаттың бұрынғы төрағасы Қайрат Мәминің ұлы, Алматы облысының экс-әкімі Амандық Баталовтың жары Бағдат Баталова және өзге де лауазымды тұлғалардың жақындары бар.
Ерлан Саиров Бас прокуратура бұл деректерге бейжай қарамай, тиісті құқықтық реакция көрсетуut тиіс деп есептейді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





