сейсенбі, 3 наурыз, 2026 16:50

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Медицина саласындағы реформалар: №3 балалар ауруханасында маңызды кездесу өтті

Медицина саласындағы реформалар: №3 балалар ауруханасында маңызды кездесу өтті
Фото: қалалық аурухана
Бүгін елордадағы №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында «AMANAT» партиясының өкілдерімен кездесу өтті. Жиын барысында Жаңа Конституция жобасындағы денсаулық сақтау саласына қатысты маңызды өзгерістер мен медицина қызметкерлерінің мәртебесі талқыланды.

Кездесудің басты мақсаты — елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалардың мән-жайын түсіндіру және медицина саласын дамытудың басым бағыттарын айқындау. Жиынға қатысушылар Жаңа Конституция жобасында қарастырылған денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін егжей-тегжейлі қарастырып, кәсіби жауапкершілік пен әлеуметтік кепілдіктер мәселесін сөз етті.

Партия өкілдері өз сөзінде медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету — мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, медициналық қызмет көрсету жүйесін одан әрі жетілдіру, цифрландыру және заманауи технологияларды енгізу мәселелері де назардан тыс қалмады.

Аурухана ұжымымен өткен еркін пікір алмасу барысында дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлері өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, реформалардың күнделікті жұмыс процесіне тигізер әсері туралы пікірлерімен бөлісті.

Мұндай диалог алаңдары қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтып, маңызды саяси өзгерістердің халыққа жақын әрі түсінікті болуына септігін тигізеді. Кездесу соңында медицина қызметкерлері елдің әлеуметтік-саяси өміріндегі жаңғыруларға қолдау білдіріп, сапалы медициналық көмек көрсету жолында аянбай еңбек ете беретіндіктерін жеткізді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар