сейсенбі, 3 наурыз, 2026 13:57

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Трамп Иранға қарсы әскери операцияны тоқтатпайтынын айтты

Трамп Иранға қарсы әскери операцияны тоқтатпайтынын айтты
Фото: AP Photo / Alex Brandon
Бүгінде АҚШ-тың Қарулы күштері Тегеранның ядролық және зымырандық мүмкіндіктерін жоюға тырысып-ақ жатыр.

Өз аумағындағы ауқымды операцияларға Иран да шама-шарқынша қарымта қайтарып жатыр.

Дональд Трамптың сөзінше, операцияның басты мақсаты – Иранның ядролық қару жасауына жол бермеу және Еуропа мен АҚШ-қа төнетін қауіпті бейтараптандыру. Бұл туралы ол Ақ үйде сөйлеген сөзінде айтты. 

Трамп әскери операцияның қажеттілігіне қатысты уәжін келтіріп, Иран АҚШ үшін "елеулі қауіп" төндіріп отырғанын растады. Сондай-ақ, Америка көшбасшысы өткен жылдың маусым айында АҚШ-тың Иранға жасаған соққылары ирандық ядролық бағдарламаның жойылуына алып келгенін тағы бір мәрте ескертті. 

– Иран біздің ескертулерімізді елемей, ядролық қаруға ұмтылып отыр. Оның баллистикалық зымыран бағдарламасы қарқынды дамып келеді және қазірдің өзінде Еуропаға жете алады, ал көп ұзамай АҚШ-қа да жетуі мүмкін. Біздің елге қауіп төнер еді, тіпті ол қауіп бұрыннан бар, – деп қорқынышын айтты ол.

Трамптың сөзінше, үдеріс болжанған мерзімнен өте тез өтуде. Иранның әскери жетекшілерін өлтіру процесі де жоспарланғаннан ерте орындалған. 

– Біз Иран флотын жойып жатырмыз және ирандық 10 кемені атып түсірдік. Соққылар төрт-бес аптаға созылады деп күтіп отырмыз, бірақ одан да ұзаққа жалғасуы мүмкін. Біз қажет болғанша соғысуға дайынбыз. Бізде әлемдегі ең қуатты армия бар. Қанша уақыт қажет болса да, біз мақсатымызға жетеміз, – деді Трамп.

Америкалық көшбасшы "ирандық режимнің ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермеу" басты мақсат болып қала беретінін жеткізді. 

– Мен мұны басынан бастап айтып келемін, оларда ешқашан ядролық қару болмайды, – деп сөзін қорытындылады Ақ үй басшысы.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар