Таяу Шығыс елдерінен қанша қазақстандық елге қайта алмай отыр
Қатарда шамамен 1 мыңға жуық қазақстандық бар.
Таяу Шығыс елдерінде қанша қазақстандық бар? Оларға қандай көмек көрсетілуде? «Туристік Қамқор» қорының басшысы Инна Рей араб елдерінде жүрген қазақстандықтардың қазіргі жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Рейдің айтуынша, Қатарда шамамен 1 мыңға жуық қазақстандық, ал Біріккен Араб Әмірліктерінде 3 мыңға тарта азамат бар. Сондай-ақ Мекке мен Медина қалаларында 200-ге жуық адам қалып отыр.
Оның айтуынша, Сауд Арабиясында 200-ден астам қазақстандық турист бар.