жексенбі, 1 наурыз, 2026 21:14

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Оман жағалауында мұнай танкері шабуылға ұшырады

Оман жағалауында мұнай танкері шабуылға ұшырады
Фото: global look press
Танкерде Палау туы ілінген.

Палау туын көтерген танкер Оман жағалауында шабуылға ұшырап, зардап шеккендер бар.

Бұл туралы Теңіз қауіпсіздігі орталығы мәлімдеді.

"Skylight" танкері Мусандам провинциясындағы Хасаб портынан солтүстікке қарай бес теңіз милі қашықтықта шабуылға ұшырады. Экипаж құрамындағы 20 адамның барлығы – 15 үндістандық және бес ирандық эвакуацияланды, - деп мәлімдеді ведомство.

Нақтыланған мәліметке сәйкес, олардың төртеуі жарақат алған, қазір оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Иранның IRIB мемлекеттік телерадиокомпаниясының дерегінше, танкер бата бастаған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар