жексенбі, 1 наурыз, 2026 19:07

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Әлиреза Арафи уақытша Иран жоғарғы көсемі қызметін атқаратын болды

Әлиреза Арафи уақытша Иран жоғарғы көсемі қызметін атқаратын болды
Ол марқұм Хаменеи сенім білдірген адамдардың бірі.

Әлиреза Арафи уақытша Иран жоғарғы көсемі қызметін атқарады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ISNA агенттігіне сілтеме жасап.

Арафи Құқықтық кеңес құрамына заңгер ретінде енді және Ислам Республикасының жаңа рухани көшбасшысы таңдалғанға дейін мемлекет басшысының міндеттерін атқарады.

Бұған дейін жергілікті БАҚ елді басқару уақытша сарапшылар кеңесіне берілетінін түсіндірген еді. Кеңес құрамына президент, сот билігінің басшысы және Конституцияны қорғаушылар кеңесінің бір мүшесі кіреді.

67 жастағы Әлиреза Арафи — Ирандағы жоғары лауазымды діни және саяси қызметкер, марқұм Хаменеи сенім білдірген адамдардың бірі.

Иранның бұрынғы жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи Израиль мен АҚШ әскери операциясының нәтижесінде қаза тапқан болатын.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар