Саясат

Президент Таяу Шығыстағы ахуалды жіті қадағалап отыр

Кез келген халықаралық қақтығыс дипломатиялық тәсілдер арқылы шешілуі қажет.

Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы ахуалды жіті қадағалап отыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі ІІ Абдаллаға хат жолдап, Қазақстан қазіргідей сын сағатында бауырлас иордан халқына қолдау мен тілектестік білдіретінін жеткізді.