Иран режимі бірден беріле қоймайды – саясаттанушы
Иран ұзақ уақыт бойы қарсылық көрсетіп, аймақтағы жағдайды тұрақсыздандыруға қауқарлы.
Белгілі саясаттанушы Талғат Қалиев өзінің кезекті талдауында Ирандағы соңғы дүрбелең оқиғаларға қатысты ой қозғады. Оның айтуынша, Жоғарғы Аятолла Али Хаменеидің қазасы туралы бұған дейін теріске шығарылып келген ақпараттар ресми түрде расталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
Саясаттанушы Иранда жеті күндік қаралы күн жарияланғанын және биліктің уақытша президент Масуд Пезешкианға өткенін атап өтті. Аятолла Хаменеимен бірге Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) жетекшісі, Қарулы Күштердің қолбасшысы және басқа да ықпалды тұлғалардың көзі жойылған.
Дональд Трамп Иранның рухани көсемі жойылғаннан кейін оның ізбасарлары келіссөзге дайын болады деген мәлімдеме жасағанымен, Т. Қалиев Иранның нақты әрекеттері бұған мүлдем қайшы екенін айтады.
Талғат Қалиевтің пайымдауынша, Иран ұзақ уақыт бойы қарсылық көрсетіп, аймақтағы жағдайды тұрақсыздандыруға қауқарлы. Тіпті АҚШ-қа айтарлықтай зиян келтіріп, американдық әскерилердің қаза табуына әкеп соқтыруы мүмкін.