Қоғам

Щучинсктегі жарылыс: Астанаға жеткізілген бес науқастың екеуі жансақтау бөлімінде жатыр

Бұл туралы орталықтың басқарма төрағасы Ержан Әділбеков мәлімдеді.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында 5 науқас бар, олардың екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы орталықтың басқарма төрағасы Ержан Әділбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бес науқастың да жағдайы ауыр.

Ал екінші науқастың да жағдайы ауыр екенін жеткізді.

Оның денесінің шамамен 35%-ы күйген. Күйік негізінен бетінде, қолдарында, мойынның артқы бетінде және иық тұсында орналасқан. Кей жерлерінде үшінші Б дәрежелі күйіктер бар, бұл – ең ауыр күйік түрлерінің бірі,-деді ол.

Дәрігер сөзінше, қазіргі таңда бұл санаттағы науқастар күйік ауруының салдарынан травматикалық шок жағдайында жатыр. Науқастарда «скафандр» іспетті қорғаныс қабаты бұзылған. Соның салдарынан олар температуралық әсерлерге де, түрлі қабыну процестеріне де өте осал болып қалады.

Сондай-ақ, науқастардың еміне ұзақ уақыт қажет болады.