сенбі, 28 ақпан, 2026 11:15

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Дауыл, бұрқасын болмақ": Қазгидромет бүгінгі ауа райына байланысты ескерту жасады

"Дауыл,  бұрқасын болмақ": Қазгидромет бүгінгі ауа райына байланысты ескерту жасады
istockphoto
Таулы аудандарда қар жауады.

Синоптиктер Қазақстан бойынша ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Күндіз Абай облысының солтүстігінде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Аягөз ауданында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында қар жауады, түнде кей уақытта қалың қар жаууы ықтимал. Оңтүстікте және таулы аудандарда тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады. Солтүстік-шығыс желі оңтүстікте, тау бөктері мен таулы аудандарда 15-20 м/с, кейде 25 м/с-қа дейін күшейеді.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі. Түнде солтүстікте 41 градус қатты аяз.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауады, түнде кей уақыттарда қалың қар түеді. Жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болжанады. Солтүстік-шығыс желінің екпіні түнде облыстың солтүстік-шығысында және таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарда 15-20 м/с.

Жетісу облысының шығысында, орталығында және таулы аудандарында қар жауады, түнде кей уақытта қалың қар түсуі мүмкін. Шығыста және таулы аудандарда тұман, жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығыс желінің жылдамдығы шығыста және таулы аудандарда 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.

Түнде Қарағанды облысының солтүстік-шығысында 35 градус аяз болады.

Қостанай облысының батысы мен оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Қызылорда облысында көктайғақ болады. Облыс орталығында солтүстік-шығыс желі 15-20 м/с-қа жетеді.

Күндіз Маңғыстау облысының батысы мен орталығында көктайғақ болады. Түнде және таңертең орталығында тұман түседі. Шығыс желі батыста, оңтүстікте және орталықта 15-20 м/с.

Түнде Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, күндіз таулы аудандарда жауын-шашын болады. Батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман болжанады. Таулы аудандарда көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыс желі батыста, солтүстікте және таулы аудандарда 15-20 м/с.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар