Ақбота Керімбекова "Аппақ гүлдер" әнін орындап жүргеніне отыз жылға жуықтағанын айтты
- авторОймақ
- Бүгін, 09:08
- 24
Әнші Ақбота Керімбекова шығармашылығына қатысты жиі сын айтатынын айтты, – деп жазды Oimaqnews.kz
Өнер иесі бір әнді ұзақ уақыттан бері орындап жүр. Оның да өзіндік себебі бар.
«Құралай Сәтмұхамедова әпкеміздің «Аппақ гүлдер» әнін орындап жүргеніме де 30 жылға жуықтапты. Көбі іздеп тыңдайтын болғасын ғой, репертуардан түспей тұрғаны. Соны кейбіреулер «Басқа әні жоқ па?» дегендей ыңғаймен мұқатқысы келеді екен. Аллаға шүкір, жүздеген әнді жарыққа шығардым. Ақын-композиторлар әлі де ең керемет туындыларын ұсынып жатады. Сонда да көпшілік «Аппақ гүлдерді» сұрайды. Халық қаласа ханның өзі соңғы түйесін соймай ма?.. Біз халықтың ықыласынан асып қайда барайық? Әрине, шырқаймыз, әлде де шырқай береміз! Бұл әннің бағы ғой!» - дейді әнші.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





