Спорт

Шайдоровтың әлем чемпионатына не үшін бармайтынын айтты

Спортшыға демалыс қажет.

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров алдағы мәнерлеп сырғанаудан өтетін әлем чемпионатына қатыспайды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 24-29 наурыз аралығында Чехия астанасы Прагада өтетін дүбірлі дода қарсаңында Халықаралық конькишілер одағы жариялаған тізімде оның есімі болмады. Бұл жаңалық жанкүйерлер арасында қызу талқыланды.
Ұлттық құраманың бас бапкері Әсем Касанова бұл шешімнің себебін ашық айтты - спортшыға демалыс қажет. 

Өтпелі кезеңде де тынығуға мүмкіндік болған жоқ. Олимпиадалық маусымға арналған жаңа бағдарламалар қойылып, одан кейін оқу-жаттығу жиындары басталды. Артынша жарыстар легі қайта жалғасты Denis Ten Memorial, Гран-при кезеңдері, финал, құрлықтық чемпионат және Олимпиада ойындары.

Бір жылдың ішінде 10 ірі дода. Оның басым бөлігінде Михаил жоғары нәтиже көрсетіп, маусымды нағыз жарқын әрі әсерлі финалмен түйіндеді", - деді Касанова Tengri Sport-қа берген сұхбатында.