жұма, 27 ақпан, 2026 14:10

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шайдоровтың әлем чемпионатына не үшін бармайтынын айтты

Шайдоровтың әлем чемпионатына не үшін бармайтынын айтты
ашық дереккөз
Спортшыға демалыс қажет.

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров алдағы мәнерлеп сырғанаудан өтетін әлем чемпионатына қатыспайды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 24-29 наурыз аралығында Чехия астанасы Прагада өтетін дүбірлі дода қарсаңында Халықаралық конькишілер одағы жариялаған тізімде оның есімі болмады. Бұл жаңалық жанкүйерлер арасында қызу талқыланды.
Ұлттық құраманың бас бапкері Әсем Касанова бұл шешімнің себебін ашық айтты - спортшыға демалыс қажет. 

"Михаил әлем чемпионатына бармайды. Себебі оған демалыс қажет. Естеріңізде болса, оның өткен маусымы өте қарқынды өтті, әсіресе екінші жартысы тіпті ауыр болды. Қаңтарда Бүкіләлемдік Универсиада, ақпанда қысқы Азия ойындары, олардың ізі суымай жатып Төрт құрлық чемпионаты, ал үш аптадан кейін әлем чемпионаты.

Өтпелі кезеңде де тынығуға мүмкіндік болған жоқ. Олимпиадалық маусымға арналған жаңа бағдарламалар қойылып, одан кейін оқу-жаттығу жиындары басталды. Артынша жарыстар легі қайта жалғасты Denis Ten Memorial, Гран-при кезеңдері, финал, құрлықтық чемпионат және Олимпиада ойындары.

Бір жылдың ішінде 10 ірі дода. Оның басым бөлігінде Михаил жоғары нәтиже көрсетіп, маусымды нағыз жарқын әрі әсерлі финалмен түйіндеді", - деді Касанова Tengri Sport-қа берген сұхбатында.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар