Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мағира Қожахметованың 80 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz.сайтына сілтеме жасап.
Әдеби кеште жазушының сан қырлы шығармашылық жолы, ұлттық журналистика мен әдебиетке қосқан үлесі туралы мазмұнды баяндамалар жасалды. Сондай-ақ қаламгердің прозалық және публицистикалық туындыларындағы ұлттық дүниетаным, рухани құндылықтары кеңінен сөз болды.
Сонымен қатар іс-шара барысында кітапхана қорындағы материалдар негізінде арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





