Руханият

Дариға Бадықова сотта жеңілді

Сотта Дариға Бадықованың талаптарының бәрін судья құптамады.

Журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың үстінен арыз жазып, YouTube-тағы сұхбатты шындыққа сәйкес келмейді деп тануды, видеоны өшіруді, кешірім сұратуды және 4 миллион теңгеден астам қаржыны өндіріп алуды талап еткен Дариға Бадықова сотта жеңілді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Заңгер Инга Иманбай өз қорғауындағы журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың құқығын қорғағанын және сотта жеңіске жеткендерін мәлімдеді. Сотта Дариға Бадықованың талаптарының бәрін судья құптамады.

Сотқа дейінгі талаптар бойынша Дариға Бадықова журналистің YouTube-тағы сұхбатын шындыққа сәйкес келмейді деп тануды, видеоны өшіруді, айтылған сөздер үшін жария түрде кешірім сұрауды, 1 000 000 теңге моральдық зиян, 2 500 000 теңге заңгерлік шығын және 802 128 теңге сараптама ақысын өндіріп алуды талап еткен. Жалпы құны 4 миллион теңгеден астам болатын талаптар қойылған еді. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Нұрсейіт Жылқышыбай Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевтан сұхбат алған еді. Сұхбатта Дархан Мұсаев Дариға Бадықова екеуінің асырап алған баласы жайлы және әйелінің басқа біреумен көңіл қосқаны жайлы сөз қозғаған болатын.