сейсенбі, 17 ақпан, 2026 19:38

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Тоқаев Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті: сауда, су-энергетика және реформалар талқыланды

Тоқаев Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті: сауда, су-энергетика және реформалар талқыланды
Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында тараптар қазақ-қырғыз қатынастарының тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы оң динамикаға тұрақты саяси диалог, сондай-ақ үкіметтер мен іскер топтардың белсенді байланысы ықпал етіп отырғанын айтты. Президенттер сауда-экономика, көлік-логистика және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамуына ерекше тоқталды.

Сондай-ақ тараптар достық, стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы мемлекетаралық байланыстарды одан әрі кеңейтуге дайын екенін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар туралы айтып, бұл өзгерістер елдің одан әрі дамуына негіз болатынын жеткізді. Садыр Жапаров Қазақстандағы жаңғырту үдерістерін қолдайтынын мәлімдеді.

Әңгіме барысында өңірлік ынтымақтастық мәселелері де талқыланды. Қазақстан Президенті Бішкекте өтетін ШЫҰ саммиті мен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының сәтті өтуіне тілектестік білдірді. Сонымен қатар Тоқаев Қырғызстан басшысының ел бірлігін сақтауға және мемлекеттілікті нығайтуға бағытталған шешімдерін қолдайтынын айтты.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар