Әлем

Қамчыбек Ташиев Қырғызстаннан шығып кетті

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ГКНБ) бұрынғы төрағасы Қамчыбек Ташиев ел аумағынан уақытша кеткені белгілі болды.

Бұл туралы «Регион» телеарнасының директоры Откурбек Рахманов әлеуметтік желіде хабарлады.

Айтуынша, Ташиев шетелге уақытша сапармен шыққан. Алайда сапардың мақсаты мен қай елге барғаны, сондай-ақ қанша уақытқа кеткені туралы нақты мәлімет жарияланбады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар тарапынан оның елден шығуына қатысты ресми түсініктеме берілген жоқ.

Ақпарат әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.