Саясат

Мемлекет басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттердің әңгімесі дәстүрлі достық және өзара сенім жағдайында өтті. Тараптар Қазақстан мен Ресейдің сан қырлы қарым-қатынастарының қазіргі жай-күйіне тоқталып, оны одан әрі дамыту перспективаларын қарастырды. Сонымен қатар, бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанына оң баға берілді.

Кездесу барысында мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселесіне ерекше екпін берілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын тағы да растады. Бұл сапар алдағы уақытта екіжақты байланыстарды жаңа деңгейге көтереді деп күтілуде.

Сондай-ақ тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі түйткілді мәселелер бойынша пікір алмасты.