жексенбі, 15 ақпан, 2026 20:50

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шаңғымен тұғырдан секіру: Мизерных 8-орыннан көрінді

Шаңғымен тұғырдан секіру: Мизерных 8-орыннан көрінді
ҰОК
Миланда Қысқы Олимпиада өтіп жатыр.

Қазақстандық спортшы Илья Мизерных Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарының финалында өнер көрсетті.

Ерлер арасында шаңғымен тұғырдан секіруден (биік тұғыр) ақтық сында, Илья Мизерных және Данил Васильев ел намысын қорғады.

Нәтижесінде, Мизерных 281.6 ұпаймен 8-орыннан көрінсе, Васильев 235.9 ұпаймен 27-орынға жайғасты.

Осы сында словениялық Домен Превц (301.8 ұпай) чемпион атанса, жапониялық Рен Никайдо (295.0 ұпай) және полшалық Кацпер Томасяк (291.2 ұпай) үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетерлігі, Мизерных осыған дейінгі қалыпты тұғырдан секіруде 37-орын алған болатын, ал Васильев 34-орыннан көрінген.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар