Қазақстандық кәсіпкер Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады
Михаил Шайдоров – Қазақстан тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш Олимпиада чемпионы.
Қазақстандық кәсіпкер Арсен Томский Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесіне автокөлік сыйлайтынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Кәсіпкердің айтуынша, чемпионның әкесі Станислав Александровичке Audi Q8 маркалы автокөлігі тарту етіледі. Қазіргі таңда көлік Audi Almaty орталығында иесін күтіп тұр.
Ол сондай-ақ Станислав Александровичтің кезінде ұлының арманы үшін өз көлігін сатып жібергенін еске салды. Михаилдың алғашқы бапкері болған әкесі баласының спорттағы жолына үлкен қолдау көрсеткен.
Айта кетейік, Михаил Шайдоров – Қазақстан тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш Олимпиада чемпионы. Бұған дейін Димаш Құдайберген те спортшыға көлік сыйлайтынын мәлімдеген еді.