Бали аралында ресейлік блогерге шабуыл жасады деп айыпталған модель қыз елге оралды
Гүлсезім Алтайбекова елге оралғаны туралы TikTok әлеуметтік желісінде жазды.
Қазақстандық модель Гүлсезім Алтайбекова ресейлік блогер Карина Фадееваға шабуыл жасады деген мәлімдемеден кейін желіде танымал болған еді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.
Гүлсезім Алтайбекова елге оралғаны туралы TikTok әлеуметтік желісінде жазды.
Бұған дейін Алтайбековаға қатысты іс жабылған. Зардап шеккен тарап бұл туралы 5 ақпанда өзінің Telegram-арнасында хабарлаған.
Оқиғадан кейін қазақстандықтар отандасын белсенді қолдаған еді. Пікірлерде қолданушылар Алтайбекованы «батыр қыз» деп атаған. Өз кезегінде ол мұндай танымалдықты күтпегенін айтты.