жұма, 13 ақпан, 2026 20:39

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мемлекет басшысы АҚШ елшісін қабылдады

Мемлекет басшысы АҚШ елшісін қабылдады
Ақорда
Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы АҚШ елшісі Джули Стаффтты қабылдады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Кездесу барысында Президент Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты күн тәртібіндегі ауқымды мәселелер бойынша ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты одан әрі нығайтудың, сондай-ақ жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді сапалы жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде елші АҚШ Президенті Дональд Трамптың ризашылығы мен ізгі тілегін жеткізді. Оның айтуынша, Құрама Штаттар Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жан-жақты дамытуға мүдделі.

Джули Стаффт елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға оң баға беріп, жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыхалықтық референдумның табысты өтуіне тілектестігін білдірді.

Сондай-ақ әңгімелесу барысында Бейбітшілік кеңесі аясындағы өзара іс-қимылдың перспективалары қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл құрылым тұрақтылықты нығайтуға, бейбітшілік пен халықаралық диалогты ілгерілетуге арналған тиімді алаңға айналуы тиіс екенін айтты.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар