"Елімізде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалиция құрылды. Жетекші қоғамдық-саяси күштері бас біріктірді. Оның қатарына бес жетекші саяси партияның өкілдері мен 300-ден астам қоғамдық ұйым қосылды.
Жаңа Конституцияның жобасы бірауыздан қолдау тапты. Ата заңның жаңа нұсқасында болашаққа деген бағдар көрсетіліп, еліміздің өсіп-өркендеуіне, азаматтардың құқықтарының қорғалуына, білім мен ғылымның дамуына, мемлекеттің егемендігі мен тұтастығына, Әділетті Қазақстан қалыптастыруға кепілдік күшейтілген. Халықтың тұрмыс-тіршілігінің түзелуіне, экономиканың еңсесінің тіктелуіне стратегиялық басымдық берілген.
Қазір ұлттың ынтымағына сызат түсіретін емес, бір үйдің баласындай күш біріктіретін уақыт. Сондықтан да бұл жалпыұлттық Коалицияның құрылуын миллиондаған азаматтың мүддесін білдіретін қоғамдық ұйымдар қолдады. Елдігімізді білдіріп жаңа Ата Заңымызды қолдап, алдағы референдумда өз таңдауымызды кемелді келешек, жемісті жетістіктер мен мемлекеттің тұрақтылығы, егемендігі үшін жасайтын бірлікте біздің күшіміз!" дейді Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





