бейсенбі, 12 ақпан, 2026 19:22

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Украина спортшысы жарыстан шеттетілді

Украина спортшысы жарыстан шеттетілді
Reuters
Бұл туралы бейсенбі, 12 ақпанда Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) ресми мәлімдеме жасады.

Италияның Кортина-д'Ампеццо қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында украиналық скелетонист Владислав Гераскевич жарыстан шеттетілді. Бұл туралы бейсенбі, 12 ақпанда Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық бобслей және скелетон федерациясының (IBSF) қазылар алқасы Украина спортшысын жарыс жолына шығармау туралы шешім қабылдады. Даудың негізгі себебі – Гераскевичтің Ресеймен соғыста қаза тапқан украин атлеттерінің суреттері бейнеленген арнайы дулығамен өнер көрсетуден бас тартпауы.

ХОК ұсынысы және спортшының ұстанымы

ХОК өкілдерінің айтуынша, қаза тапқан спортшылардың фотолары салынған дулыға Комитеттің спортшылардың өзін-өзі көрсету ережелеріне (саяси және әлеуметтік символикаға қатысты шектеулерге) сәйкес келмейді. Комитет Гераскевичке бірнеше ымыралы нұсқа ұсынған:

Қаралы белгі ретінде қара лента тағу;

Дулығаны барлық жаттығу жиындарында кию;

Жарыс аяқталған соң аралас аймақта (микс-зона) көрсету.

Алайда ХОК президенті Кирсти Ковентримен өткен жеке кездесуден кейін де спортшы бұл ұсыныстардан бас тартып, жарыс күні тек осы дулығамен шығатынын мәлімдеген.

«Ешқандай ереже бұзған жоқпыз»

Владислав Гераскевичтің дулығасында қаза тапқан жас ауыр атлет Алина Перегудова, боксшы Павел Ищенко, хоккейші Алексей Логинов және басқа да спортшылардың суреттері бейнеленген. Спортшы ХОК шешімімен келіспейтінін жеткізді.

«Мен бұл дулығамен жаттығуда да, жарыс күні де шығуды жоспарладым. ХОК шешімімен келіспеймін, өйткені біз ешқандай ереже бұзған жоқпыз. Бұл жерде саяси насихат, кемсітушілік немесе нәсілшілдік жоқ. Бұл дулыға ол туралы емес»,– деді Гераскевич.

Бұл 26 жастағы Гераскевичтің мансабындағы үшінші Олимпиадасы еді. Ол бұған дейін 2018 жылы 12-орын, 2022 жылы 18-орын иеленген болатын.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар