Саясат

Конституция күні қашан тойлануы мүмкін

Қазақстанда Конституция күні 1 шілдеге белгіленуі ықтимал.

Бұл туралы жаңа Негізгі заң жобасында жазылған. Құжатты республикалық референдумға шығару жоспарланып отыр. Егер референдумда жаңа Конституция қабылданса, ол 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

"Референдумда мақұлданған жағдайда жаңа Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке болып жарияланады", – делінген Конституция жобасының мәтінінде.