Спорт

Қысқы олимпиаданың 12 ақпандағы жарыс кестесі

12 ақпан күні Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының бесінші жарыс күні басталды.

Бүгін 7 қазақстандық спортшы төрт спорт түрінен жарыс жолына шығады.

Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:

15:30 — тау шаңғысы, супергигант (әйелдер)

Қатысушы: Александра Скороходова

16:15: фристайл-могул, бірінші финал (ерлер)

Қатысушы: Павел Колмаков

17:00 — шаңғы жарысы, жекелей сайыс (әйелдер)

Қатысушылар: Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко

20:30 — конькимен жүгіру, 5000 м (әйелдер)

Қатысушы: Надежда Морозова

Осыған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандық могулшы қыздар Олимпиада ойындарының финалдық кезеңінде өнер көрсетті.

Сонымен қатар, ұлттық Олимпиада көмитеті төрағасы Геннадий Головкин ел құрамасын қолдау үшін арнайы Ливиньо қаласына келді.