Ананың сөзінше, жөнімен сыныбында отырған ұлын 4 оқушы шақырып алып, дәретханада әлімжеттік көрсеткен. Намысына тиетін сөздер айтқан. Содан әбден ызаланған баласы оларды қорқыту үшін соңдарынан балтамен қуған.
Тіпті, ұлы мектепке барғысы келмейтінін айтқанымен, анасы райынан қайтарып келген.
«Балам ауру емес. Дені сау. Видеодан көрсеңіздер тек өзіне тиіскен балаларды ғана қуған. Тіпті маған: “ бұл мектепке барсам маған бірдеңе болуы мүмкін”деп жиі айтатын. Қайдағыны айтпа, бір жылың қалды деп басу айтатынбыз»,- деді оқушының анасы.
Ананың айтуынша, әлімжеттік жайлы шағымданғандарды бұл мектепте “терпила” деп атайтын көрінеді. Содан балалар көрген қорлығы туралы ешкімге тіс жармайды екен.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






