сәрсенбі, 11 ақпан, 2026 20:27

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Денис Никиша іріктеу кезеңінен өте алмады

Денис Никиша іріктеу кезеңінен өте алмады
t.me/olympickz
Денис Никишаның негізгі қашықтығы - 500 метр.

Шорт-тректен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Денис Никиша Италияда өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында іріктеу кезеңінен өте алмады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Өзінің төртінші Олимпиадасына қатысып жатқан Денис жарысын 1000 метр қашықтықтан бастады. Никиша өз іріктеу жарысында үшінші нәтиже көрсетті. Айта кетейік, келесі кезеңге тікелей өту үшін мәреге бірінші немесе екінші болып жету қажет еді.

Сонымен қатар өз жарысында үшінші орын алған спортшылардың арасынан ең үздік төрт атлетке де келесі айналымға жолдама берілді.

Нәтижесінде Денис Никиша барлық жарыс аяқталғанға дейін ширек финалға шығу мүмкіндігін сақтады. Алайда соңында ол 1/4 финалға өте алмады.

Айта кетейік, Денис Никишаның негізгі қашықтығы - 500 метр.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар