Қоғам
Семейде қоқыс контейнерінен сүлгіге оралған нәрестенің денесі табылды
- авторОймақ
- Бүгін, 12:23
- 32
3 ақпанда Әуезов полиция бөліміне Семейдегі қоқыс контейнерінен сүлгіге оралған нәрестенің денесі табылғаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына дереу жедел тергеу тобы барды.
"Алдын ала тексеру барысында үйде босанған 20 жастағы әйел анықталды. Оның айтуынша, нәресте өлі туған", - деп хабарлады Абай облысы ПД баспасөз қызметі.
Департамент мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу барысында нәрестенің денесін контейнерге тастап кеткен қала тұрғынының кім екені анықталған.
Бұл жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Нәрестенің денесі сараптамаға жіберілді, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданып, екі тараптың да әрекетіне құқықтық баға беріледі.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






