Әсет Ерғалиев Президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалды
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Әсет Ерғалиев Президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайыналды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.