Актриса жұма күні көз жұмған.
«Шиттс Крик» телехикаясының және «Один дома» фильмінің жұлдызы, актриса Кэтрин О’Хара 72 жасқа қараған шағында өмірден өтті, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Актриса жұма күні көз жұмған. Мұны америкалық БАҚ көздері растады, бірақ себебі әлі жарияланған жоқ.
О'Хара Голливудтың танымал «Один дома» фильмінде қарақшылармен күресетін Кевиннің анасы рөлімен танымал.
Сонымен қатар 2010 жылдардың ортасында ол «Шиттс Крик» (Schitt's Creek) комедиясында басты рөлдердің бірін сомдап, миллиондаған көрерменнің сүйіспеншілігіне бөленді.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





