Шығыс Қазақстан облысында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы пара алу және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану күдігімен тергеліп жатыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.
ҰҚК мәліметінше, шенеунік жол-құрылыс компаниялары мен автобус парктерінің өкілдерінен жалпы сомасы 134 млн теңге көлемінде заңсыз сыйақы алған. Тінту барысында оның тұрғылықты жерінен 121,9 млн теңге және 97,7 мың АҚШ доллары тәркіленген.
Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облыстық білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысына қатысты да қылмыстық іс қозғалды. Арнайы қызметтің дерегінше, ол мұғалімдердің мемлекеттік аттестациядан өтуіне жәрдемдескені үшін жүйелі түрде пара алған деген күдікке ілінген.
Соттың санкциясымен аталған екі лауазымды тұлға да қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






