Қоғам

Күзет қызметі басқармасына жұмысқа тұрғыңыз келе ме?

Астана қаласының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы ішкі істер органдарына қатардағы және кіші басшы құрамына жұмысқа шақырады.

Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің артықшылықтары:

- жұмыс берушінің есебінен алғашқы оқыту және біліктілікті арттыру;

- қызмет өтіліне және арнаулы атағына байланысты өсіп отыратын тұрақты және уақтылы лауазымдық жалақы;

- сауықтыруға арналған жәрдемақы, мансаптық өсу;

- ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсету;

- тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы қарастырылған;

- арнаулы атағына байланысты 48 жастан бастап зейнетке шығу (ішкі істер органдарында кемінде 12 жыл 6 ай үздіксіз қызмет өткеру кезінде).

Талаптар: жасы 35-тен аспаған, бойы кемінде 170 см, білімі орта (қатардағы құрамның лауазымына) және жоғары (қызмет бағытына байланысты басшы құрамның лауазымына), денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы (әскери-дәрігерлік комиссия анықтайды).

Толық ақпарат алу үшін Астана қаласы, Сырдария көшесі, 16 мекенжайы, 57-90-50, 8-707-554-96-34 (Серік Ғабдуллин), 8-777-433-30-81, 8-775-342-29-92, 8-702-282-82-90, 8-702-236-36-33 телефон нөмірлері, gabit77_kz @mail.kz электрондық мекенжайы бойынша хабарласу қажет.