Әлеумет

"Адам дұшпанына да олай жасамайтын шығар": Жаңаөзенде кісі қолынан қаза тапқан дәрігердің анасы әділдік іздейді

Өмірін медицинаға арнаған дәрігердің артында боздап ұлы мен қызы қалды.

Жаңаөзендегі аурухана дәлізінде кісі қолынан қайтыс болған  29 жастағы дәрігерге қатысты тың ақпарат жария болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  сайты  Информбюроға сілтеме жасап

Күдікті дәрігер Нұрдәулет Аманғалиевті 21 жерінен пышақтаған. Марқұмның туыстары күдіктінің қылмысқа баруына қызғаныш себеп деп отыр. Яғни, қамауға алынған азаматтың жұбайы медбике болып жұмыс істеген. Ақ халаттылар қанды оқиғадан кейін медициналық мекемеде күзет күшейтілгенін жеткізді. 

Қапыда ұлынан айырылып қалған Нұрдәулеттің анасы кешірім бермейміз деп отыр. Ал денсаулық сақтау басқармасының басшысы марқұмның шабуыл кезінде көп жарақат алғанын айтты. Оны Ақтаудан арнайы ұшып келген әріптестері де аман алып қала алмапты.

Өмірін медицинаға арнаған дәрігердің артында боздап ұлы мен қызы қалды. Ол Марат Оспанов атындағы университетте 9 жыл білім алып, бір жыл бұрын Жаңаөзен қаласына қызметке келген. Әріптестері марқұм жұмысына адал, өте мықты маман болғанын айтады

Полиция қайғылы оқиғаға қатысты «адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Құзырлы органның мәліметінше, күдікті полицияға өз аяғымен барып берілген. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.