Жаңа туған нәрестелердің анасы 31 жаста, жүктілік табиғи түрде болған.
Қостанай облыстық ауруханасының перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Бұл облыста соңғы үш жылда алғаш рет дүниеге келген үшем.
Жаңа туған нәрестелердің анасы 31 жаста, жүктілік табиғи түрде болған. Қостанай ауданының Шарапиевтер шаңырағы үш ұл тәрбиелеп отыр, енді отбасында бірден үш қыз дүниеге келді.
Екі қыздың салмағы — 2600 грамм, үшіншісі 2300 грамм болды. Барлық жаңа туған нәрестелердің бойы 49 сантиметр. Облыстық аурухана дәрігерлерінің мәліметінше, ана мен баланың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






