5 мыңнан астам адам рақымшылыққа ілінді
Бұл туралы Президентке Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев баяндады.
2025 жылы Қазақстанда рақымшылық бойынша 5 мыңнан астам адам бостандыққа шықты. Бұл туралы Президентке Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев баяндады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, қабылданған шешімдер бойынша 99%-ы жоғары тұрған сатыларда қайта қарауды қажет етпеген. Сонымен қатар, әкімшілік істердің саны да азайып, көрсеткіш 12%-ға төмендеді.
Соттар мемлекеттік органдармен дауласу барысында азаматтардың мүддесін жиі қорғай бастады: шенеуніктердің 4,5 мың шешімі заңсыз деп танылды. Татуласу рәсімдері де белсенді қолданылуда – азаматтық істердің жартысына жуығы осы әдіспен шешілген.
Рақымшылыққа тоқталар болсақ:
583 адам жазадан толық босатылды;
5 мыңнан астам адам мерзімінен бұрын бостандыққа шықты;
9,2 мың адамның жаза мерзімі қысқартылды.