бейсенбі, 29 қаңтар, 2026 22:36

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Димаш Құдайбергеннің жаңа жобасы жарыққа шығады

Димаш Құдайбергеннің жаңа жобасы жарыққа шығады
ашық дереккөз
Бұл жоба жаңа есімдерді таныстырады.

Халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген өзі продюсерлік ететін «Voice Beyond Horizon» атты халықаралық тележоба жарыққа шығатынын айтты, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Әншінің айтуынша, бұл жобада жаңа есімдер пайда болады. Өнер иесі индустрия, туризм, экономиканы шоу-бизнес арқылы дамытуға дайын екенін айтты.

«Қазақстан шоу-бизнесін халықаралық дәрежеге шығаратын уақыт келді. Біз енді жай көрермен емеспіз – біз сахнаға шығатын елміз. Индустриямызды, туризмді, экономиканы шоу-бизнес арқылы дамытуға дайынбыз. Бұл байқауда жаңа есімдер, жаңа сапа және жаңа көзқарас пайда болады. Бұл шоуды көру – тек тамашалау емес, Қазақстан шоу-бизнесінің жаңа дәуірін қолдау. Әлем бізді тек талантты ел ретінде ғана емес, мәдени ықпал жасай алатын хаб ретінде тануы керек. Сол мүмкіндікті бірге жасайық. Сіздерден тек «Voice Beyond Horizon» парақшасына тіркеліп, әлеуметтік желіде қолдау көрсетулеріңізді сұраймын. Жаңа қадам құтты болсын!» – деді Димаш Құдайберген.

Жобаға Қазақстанмен қоса Қытай, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербия елдерінен келген орындаушылар қатысады. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар