OrdaMed басшысына іздеу жарияланды
Іздестіруді бастама еткен – ҰҚК.
OrdaMed АҚ басқарма төрағасы Еркін Длімбетовке іздеу жарияланды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы ақпарат Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында шықты.
Бағдарламадағы мәліметке сәйкес, Еркін Длімбетовке қатысты іздестіру ісі кеше, 28 қаңтарда Астанада тіркелген. Іздестіруді бастама еткен – ҰҚК. Ал іздеу жұмыстарын ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізіп жатыр.