Тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz.
Бұл ақпаратты бүгін, 2026 жылғы 29 қаңтарда Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Желдібай Руслан Сұлтанұлы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – баспасөз хатшысы қызметінен босатылды», – делінген ресми хабарламада.
Руслан Желдібай 1989 жылы туған.
2010 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасының түлегі. 2017 жылы Ұлыбританиядағы Уорик университетінің магистратурасын бітірген.
Еңбек жолын 2011–2012 жылдары «Қазақстан» ұлттық телеарнасында редактор болып бастаған.
2012–2018 жылдары «Алматы» телеарнасында бөлім басшысы, продюсер қызметтерін атқарған.
2018–2019 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің интернет-кеңістіктегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс басқармасының басшысы болған.
2019–2020 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






