сәрсенбі, 28 қаңтар, 2026 12:36

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ақтөбеде екі қыз дүкен сөресінен бірнеше смартфонды ұрлап кетті (видео)

Ақтөбеде екі қыз дүкен сөресінен бірнеше смартфонды ұрлап кетті (видео)
Фото: видеодан скрин
Былтыр 28 желтоқсанда қыздар Ақтөбедегі сауда үйіндегі бутиктен бірнеше iPhone смартфонын ұрлап кеткен.

Бейнекамерадағы жазбадан екі қыздың дүкен сөресінен бірнеше смартфонды ұрлап жатқанын көруге болады. Үш күн өткен соң олар бутикке қайта барып, сөренің ашық тұрғанын көріп, тағы бір iPhone-ды қолды қылған.

“Полиция күдіктілерді анықтап, ұстады. Күдіктілер 19 және 20 жастағы екі ақтөбелік қыз болып шықты. Олар өз кінәсін мойындап, ұрланған мобильді телефондарды ломбардқа тапсырғанын және алынған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын айтты”, – деп хабарлады полиция.

Күдіктілердің үстінен қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Полиция мұндай әрекеттер үшін заң бойынша 7 жылға дейін бостандықты шектеу немесе 7 жылға сотталу, сондай-ақ мүлікті тәркілеу жазасы қарастырылғанын ескертті.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар